Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ми-8 апаты: Экипаж тікұшақты шаруа қожалығынан бұрып әкеткен

Опубликовано:

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының экипажы әуе кемесін шаруа қожалығының үстінен бұрып алып кеткені жөнінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Игорь Онучин
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Игорь Онучин: Twitter

Бұл туралы Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Куәгер ауыл тұрғынының айтуынша, "тікұшақ тура үстінен ұшып өтіп барып, құлаған". Бұл экипаждың соңына дейін күрескенін дәлелдейді.
Шаруа қожалығы зардап шекпес үшін тікұшақты басқа жаққа бұрып әкеткен. Мен 13 жігітті де батыр деп есептеймін", - деді ол.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786380-mi-8-apaty-ekipaz-tiksakty-sarua-kozalygynan-bryp-ketken/

pixel