Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамды кемсітеді": Екі бойдақ әпкесінен қорлық көрген тараздық ару мұңын шақты

Опубликовано:

20 жастағы тараздық ару тұрмыс құрмаған екі әпкесінен қорлық көргенін айтты. Ата-анасы, екі інісі мен әжесі, оған қоса, әкесінің бойдақ екі қарындасы бар екенін жеткізген Айнаш тыныштықты аңсап жүргенін алға тартты деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: uplifers.com
Көрнекі фото: uplifers.com: Twitter

Арудың сөзінше, оның ата-анасы 10-15 күн бойы алысқа кетіп, бала-шағасын, жанұяларын асырау үшін еңбектенеді екен. Ал әкесінің үйдегі екі қарындасы бұл жақсылықты түсінбейтін көрінеді.

"Олар жоқта бізді жерден алып, жерге салып, ұрысып, керісіп қаламыз. Әсіресе мен, үндемей отыра алмаймын, менің анамды жамандағанда, кемісітіп күлгенде шыдап отыра алмаймын, сол себепті айқайласып қаламыз. Бір күнім тыныш өтпейді", -дейді ару.

Үйге аяқ басқысы келмейтін Айнаш інілері мен әжесін ғана ойлайтынын айтады.

"Үйде анам болғанда өзімді xаншайымдай сезінемін, себебі анамның жылуын сезініп, өзімді қорғайтын адам бар екенін түсінемін. Анам үйде болса да олар қысылмайды, әркімді жамандап, күліп, шешесінің құлақ етін жеп, күнде бір бәле іздеп отырады. Ішкен-жеген ыдыстарын да жумай тұрып кете береді", -дейді ашынған бойжеткен.

Арудың сөзінше, үйдегі үлкен әпкесінің өз үйі мен отбасылы азаматтан бір қызы да бар. Бірақ, ол не ішемін, не жейміннің кейпіне енбес үшін ағасының шаңырағын паналап жүрген көрінеді. Оған күйінген ағасы ішімдік ішіп, бөлмесінен шықпай жүретді екен.

"Мен тіпті әке-шешемді сол екі қызға тастап күйеуге де шыққым келмейді, үйде қандай жағдай болса да жауапты өзіммін. Ақшаны өзім ұстаймын, мамаларым жұмысқа кетіп қалады, әжемнің жасы үлкен, айналғанда бәріне өзім жеткізіп, қарыздарды төлеп, тамақты да сатып аламын. Інілерім сабағына қарап, үйге қарап, шәй тамақтарын пісіріп, дайындап отырамын", -дейді ол.

Енді Айнаш үйдегі азық-түлікті есептейтін, бірақ өздері жауапкершілікті сезінбейтін әпкелерін қалай түзетуге боларын білмей жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786241-anamdy-kemsitedi-eki-bojdak-pkesinen-korlyk-krgen-tarazdyk-aru-myn-sakty/

pixel