KZ
Мұнай мен газ өндірістеріне техникалық кадрларын дайындайтын орталықтар құрылады
Новости Финансы

Мұнай мен газ өндірістеріне техникалық кадрларын дайындайтын орталықтар құрылады

Расказать Вконтакте

Мұнай және газ өндірісі инженерлері мен техникалық кадрларын дайындайтын және кәсіби біліктілігін көтеретін озық салалық орталықтар құрылады.

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов бүгін Алматыда мұнай-газ компанияларының "Мұнай және газ: қазақстандық мазмұнды дамыту-2011" форумында айтты."Жаңадан "Батыс", "Шығыс", "Оңтүстік", "Солтүстік" және "Орталық" деп аталатын озық салалық орталықтар құрылады. Заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл орталықтарда мамандарға кәсіби тұрғыдағы тәжірибелік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік жасалады", - дейді Әсет Маратұлы. Оның айтуынша, бұл орталықтар өндірістік үдеріске барынша жақындастырылады.

Онда әртүрлі бағыттағы мамандар өздерінің тәжірибелік біліктілігін көтеретін болады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии