Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктемнің алғашқы демалыс күндерінде ауа райы қандай болады?

Опубликовано:

Cиноптиктер көктемнің алғашқы демалысында (2-4 наурыз) қандай ауа-райы болатынын айтып берді деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru: Facebook

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондардың жылжуы жалғасады.

Сол себепті алдағы демалыс күндері елімізде күрделі метеорологиялық құбылыстары бар ауа райы қалыптасады.

Республика аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, кей жерлерде боран мен күшті жел соғады және жылудың әсерінен көктайғақ болады.
Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жабысқақ қар жауып, дүйсенбіде толассыз жауын-шашын түсуі мүмкін, – деді мамандар.

Бұл күндері ауа температурасында ауытқу болып, көп аумақта температура климаттық нормадан жоғарылайды.

Батыста ғана нормаға жақын және төмен болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781526-kktemni-algasky-demalys-knderinde-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel