Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалған алты жасар қызды тауып берген шымкенттік азамат алғысқа бөленді

Опубликовано:

Шымкентте адасып қалған қыз баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырған ер адам марапатталды. Полиция дептарменті Әбілхан Дәрібаевтың еңбегін елеусіз қалдырмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әбілхан Дәрібаев пен Ералы Жұмаханбетов. Фото: Полиция департаменті
Әбілхан Дәрібаев пен Ералы Жұмаханбетов. Фото: Полиция департаменті: Depositphotos

Оқиға 2019 жылғы 26 қаңтарында болған. Сол күні Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 6 жасар қыздың сабақтан шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Тәртіп сақшылары дереу бүлдіршінді іздеуге жұмылдырылған. Абырой болғанда, адасып қалған алты жасар бүлдіршін қыз аман-есен табылды.

Бұған себепші болған тұрғын Әбілхан Дәрібаев. Белгілі болғандай кешкісін жұмыстан қайтып бара жатқан азамат қыз баланы көріп, адасқанын түсінеді. Сөйтіп ол алты жасар қызды Шымкент қаласының Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізеді.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов немқұрайлық танытпай, бүлдіршін қызды ата-анасымен қауыштырған Әбілхан Дәрібаевқа алғысын білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттаған.

Сонымен қатар Шымкент полициясы азаматтардан жас балаларды назардан тыс қалдырмауын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781513-zogalgan-alty-zasar-kyzdy-tauyp-bergen-symkenttik-azamat-algyska-blendi/

pixel