Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім асырадым": Айнұр Нұрсейітова неліктен үшінші күйеуімен де ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Instagram желісі арқылы танымалдылыққа ие болған Айнұр Нұрсейітова өзінің үшінші мәрте ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты. Ол бұрынғы жолдасының жұмыс істемегенін жеткізіп, отбасын бір өзі асыраудан шаршағанын жасырмады деп жазады cosmo.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Екі баланың анасы сәтсіздікке ұшыраған үшінші некесіне қатысты пікір білдірді.

Instagram жұлдызы сіңлісінің ажырасуына тоқталып, қызының әкесімен айырылысуы жөнінде бар сырын ақтарды.

"Сіңілім Ботаның жағдайы мүлде басқа. Оның бұрынғы күйеуімен біз жақсы араласамыз. Оның отбасын өте қатты сыйлаймыз. Әрине біз олардың ойланып, бір-біріне мүмкіндік беретініне үміттенгенбіз.

Менің жағдайымда бәрі басқаша. Бірінші, екінші және үшінші некемде де. Маған"үнемі ажыраса берсең, кінә сенен шығар" деген сөздерді жиі айтып жатады.

Алайда мен олай ойламаймын. Себебі, әйелдер жақсы күйеуден ешқашан кетпейді. Егер ер адам толықтай көңіліңнен шықса, не үшін оны тастап кетесің?

Мен негізі ажырасу дегенге түбегейлі қарсымын. Барынша отбасын сақтап қалуға кеңес беремін. Бірақ, өзіме келгенде нақты әрі түбегейлі шешім қабылдаймын. Менің көңілім қалса, артқа қайтар жол жоқ" , - деп ағынан жарылды Нұрсейітова.

Айнұр үшінші күйеуімен ажырасуына нақты не себеп болғанын да жасырмай баяндап берді.

"Әрбір некемде өз қиындықтары болды. Егер жолдасың жұмыс істемесе немесе істегісі келмесе - бұл сұмдық жағдай.

Мұндай адаммен менің болашағым да жоқ. Себебі, мен табиғатымнан еңбекқор адаммын, қызығушылығымыз әр түрлі болады. Менің үшінші некемде тура осындай жағдай орнады.

Мен отбасымды жалғыз өзім асырап жүре алмадым. Мен өзімді кішкене әлсіз сезінгім келді. Өзімді шынымен тұрмыстағы әйел екенімді көргім келді" , - деді модель.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781350-zim-asyradym-ajnr-nrsejitova-nelikten-sinsi-kjeuimen-de-azyraskanyn-ajtty/

pixel