Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай жалаңаш күйінде сәлем салған қазақ қызы жаға ұстатты (видео)

Опубликовано:

Атышулы "Кел келінім" бағдарламасының кезекті видеосы желіде қызу талқыға түсті. Етек-жеңі қысқа көйлекпен салем салған қазақ қызы жұрттың ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Басына орамал таққанымен, қолаң шашы көрініп, ашық-шашық киіммен сәлем салуды үйреткен қазақ қызының әрекетін көпшілік ұнатпай қалыпты.

"Масқара", "Мына сәлем салуыңмен жұрттың бәрін қоздырасың ғой", "Өте ұят", "Сәлем салуды сен үйретпей-ақ қойшы", "Келін атауынан садаға кет!", "Сәлем салуға да лайықты болу керек адам", "Жалаңаш сәлем салады ма?", "Осы қыздардың ата-анасы қайда қарап отыр?", "Ұят", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл бағдарламады шығып жатқан алғашқы шу емес.

Осыған дейін ток-шоудың екі қатысушысы эфирде шаш жұлысып, төбелескен болатын.

Сондай-ақ өзге бір ару тікелей эфирде жігіттің арқасына массаж жасап, жұрттың сынына ілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781330-zartylaj-zalaas-kjinde-slem-salgan-kazak-kyzy-zaga-statty-video/

pixel