Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда әйелін тұншықтырып өлтірген тұрғын сот залынан босап шықты

Опубликовано:

Қарағанды соты өз әйелін буындырып өлтірген ер азаматқа қатысты шығарған шешім туралы пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото thebf.ru
Көрнекі фото thebf.ru: Facebook

Сот төрағасы Шарип Сисимбаев "Күйзеліс кезінде кісі өлтіру" бабы бойынша ұсталған ер азамат неге 1,5 жылға ғана бас бостандығынан айырылғаны туралы түсіндірді.

Сисимбаев айыпталушы әр-түрлі 4 маманның алдынан сараптамадан өткенін алға тартты.

Олардың екеуі кісі өлімі күйзеліс кезінде болғанын растаған.

Бастапқыда прокурор аталған істі "Кісі өлтіру" бабымен бағалаған, алайда куәгерлердің сөзі мен сараптама нәтижелерінен кейін, мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі "Күйзеліс кезінде кісі өлтіру" деген баппен қайта қарау туралы өтініш беріпті.

"Бұл жағдайда сот айыпталушы жағында емес және жаңа тұжырымдалған айып аясынан шығып кете алмайды. Мен бұл істі көрсетілген қылмыс аясында қарап шықтым", - деп түсіндірді сот төрағасы Шарип Сисимбаев.

Еске сала кетсек, Қарағанды тұрғыны "көзге шөп салды" деген күдікпен әйелін тұншықтырып өлтірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781313-karagandyda-jelin-tnsyktyryp-ltirgen-trgyn-sot-zalynan-bosap-sykty/

pixel