Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Істі болған танымал отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Күні кеше Гауһар Әлімбекова алаяқтық әрекеті үшін айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған дейін де шоу-бизнес өкілдерінің бірі ақша жымқырды енді бірі қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған болатын. Осы орайда басы дауға қалған өнер иелері жайлы NUR.KZ назарыңызға ұсынады.

Тұңғышбай Жаманқұлов

2016 жылдың қарашасында Тұңғышбай жаманқұлов "Феникс" фильмін түсіру барысында бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған еді.

Тергеу барысында "Қазақфильмнің" фильмді түсіруге 79 млн теңге бөлгені, ал түсірілім кезінде кинокартинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұловтың 69 млн теңгені жымқырғаны анықталды.

Ал 2016 жылдың 3 қарашасынад актердің шығынды жартылай өтегені, жасы ескеріле отырып, кепілмен босатылғаны белгілі болды.

Қайрат Түнтеков

2012 жылдың 28-ші желтоқсанында әнші жігіт жол апатына ұшырап, басқарып келе жатқан көлігімен Назира Есенамановаға тиесілі "Toyota Land Cruiser 100" көлігіне соқтығысқан еді.

Оқиғадан рөлдегі қыз жараланған. Осыдан кейін жауаптан жалтарған әнші 2013 жылдың басында 40 күнге абақтыға отырып шықты.

Амангүл Өтегенова. Фото: Видеодан кадр
Амангүл Өтегенова. Фото: Видеодан кадр: Instagram

Амангүл Өтегенова

"Ақжайнақ" әнімен танылған әнші Амангүл Өтегенова қаржы пирамидасын құрды деп айыпталып, 2018 жылы оның үстінен "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған болатын.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, отандық шоу-бизнес өкілі 7 мыңға жуық адамды алдап кеткен.

Қалтасы қағылғандардың ішінде өнер жұлдыздары да бар.

Астана қалалық ПД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың мәліметінше, әншінің үстінен 15 адам арыз жазған.

Гауһар Әлімбекова

"Ақ келін" әнімен талай аруды құтты жеріне қондырған әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық бабымен айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әнші туралы бұндай хабарды естіген өнер адамдары мен журналистер бір шикілік барын айтып, Әлімбековаға қолдау білдіре бастады. Тіпті белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық әншілер де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, әншінің де бұл істе құрбан екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776337-isti-bolgan-tanymal-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel