Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гауһар Әлімбекова сотта қолына кісен салынып, түрмеге қамаларын білмеген

Опубликовано:

Алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова сот залында өзіне кісен салып, алып кетеді деп ойламаған. Әнші тіпті журналистерге сот отырысы аяқталған соң сұхбат беремін деп уәде беріпті. Өзінің кінәсіздігі дәлелденетініне сенімді болған эстрада жұлдызы оқиғаның бұлай аяқталғанын күтпеген деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Қазақ елі! Сіздерге мың алғыс! Кешеден бері төбемізден жай түскендей болған сүйікті әнші, әрі композитор Гауһар Әлімбековаға алаңдап жатсыздар. Бір жылап та алдық. Баршаңыздың ақ жүректеріңізден айналдым. Енді іске кірісейін.

Бүгін Мейрамбек Беспаев, Ерғали Әбдірайымов, Сержанәлі Әлібек, Ақбота Керімбекова бастаған әншілермен кездестік. Барлығымыз тығырықтан шығатын жол іздедік.

Адвокаттарға шығып, алдағы 3 айдың ішінде Гауһардың ісін қайта қолға алуға болатынын естіп, қатты қуанып кеттік.

Үкім әлі күшіне енген жоқ. Қазір сүйікті әншіміз төрт қабырғаның ішінде қамауда отыр. Қабырғамыз қайыссақ та, ол суық жерден шығара алмаймыз. Дәрменсізбіз.

Сондықтан да, Сіз бен біз болып ат салысып, жұмылған жұдырықтай бірігіп, Гауһарды бостандыққа шығуды ойлайық. Ол үшін қаражат жинаймыз. Әншілер өзара жинап та жатыр. Уақыт тездетуді талап етеді. Барлығымыз қолдан келгенше көмек қолын созайық.

Ертең сүйікті әншілеріңіз Ақбота Керімбекова банкке барып, Гауһар Әлімбековаға арнайы шот ашпақшы. Ертең осында жариялаймын. Шамаларыңыз келгенше ақша салсаңыздар болады. Ешкімге зорлық жоқ.

Тек сол шотқа ғана ақша аударыңыздар! Әйтпесе, кешеден бері әншіні пайдаланып, шотқа ақша жинағысы келіп жатқандар бар.

Туған сіңлісінен тағы бір білген ақпаратым: Гауһар алаяққа өзі де алданып қалған. Жаздыгүні болған бұл іске әнші куәгер болып келіп жүрген.

Кеше де солай сот залына барған екен. Журналиске: «Сот біткеннен соң, жақсылап сұқбат беремін» деп айтқан екен. Алайда, сот залынан кісен салып алып кетерін әнші білмеген еді.

Бастысы – сел қозғалды, ағайын! Соған қатты қуанып отырмын. Алла жар болса, Гауһар қыздарыңыз бостандыққа шығып, әлі оның қоныс тойын тойлап, үлкен сахнада концертін де тамашалаймыз. Тек жақсылық ойлайық" , - деді журналист.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың "алаяқтық" үшін 6 жылға сотталғаны белгілі болды.

Ал танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық әншілер де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, әншінің де бұл істе құрбан екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776287-gauar-limbekova-sotta-kolyna-kisen-salynyp-trmege-kamalaryn-bilmegen/

pixel