Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Еліміздің бес облысында 42 градусқа дейін аяз күтілуде

Опубликовано:

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендеп, 42 градусқа дейін аяз болады. Кейбір аймақтарда желдің ұйытқуы 23-28 м/с күтілуде деп хабарлайды РМК "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mosreg.ru
Көрнекі фото: mosreg.ru: Facebook

Ауа температурасының төмендеуі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

1-2 ақпан аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында -27…-32 градусқа дейін күн суытады.

Кейбір өңірлерінде ауа температурасы -35…-40 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында күннің суытуы 2 ақпанда басталады. Сол күні аймақта -28…-33 градусқа дейін аяз болады.

Кейбір жерлерінде -37…-42 градусқа дейін ауа температура төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, 1 ақпанда Өскеменде және Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін болжануда. Желдің ұйытқуы 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776219-aua-rajy-elimizdi-bes-oblysynda-42-graduska-dejin-aaz-ktilude/

pixel