KZ
Ауылда кәсіп ашқысы келетіндерге  несие беріледі
Новости Финансы

Ауылда кәсіп ашқысы келетіндерге несие беріледі

Расказать Вконтакте

Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, ауылда кәсіп ашқысы келетіндер үшін 3 млн. теңге шамасында жеңілдетілген шағын несие берілетін болады.

"Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының кеңсесінде "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының тиімділігіне қатысты өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті."Жұмыспен қамту бағдарламасында ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылып отыр. Соңғы жылдары бұл бағытта атқарылған шаралар аз емес, шағын несиелер беріліп келеді. Алайда бұл түкпірдегі ауылдарға қолжетімсіз болған еді.

Оның үстіне бұл несие бизнесі жолға қойылған ауылдықтарға берілген болатын. Алайда, бәрін басынан бастағысы келетін белсенділер бар.

Осыны ескере келе, ауылдағы кәсіппен айналысам деушілерге 3 млн. теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.

Оның қайтару мерзімі 5 жылға дейін бекітіліп отыр. Мемлекеттің әкімдіктер арқылы беретін бұл несиесі пайызсыз болады. Сонымен қатар, көпсатылылықты болдырмау үшін біз жергілікті жерлердегі шағын несие ұйымдарымен жұмыс істейтін боламыз", - деді Г. Әбдіқалықова.

Оның қайтару мерзімі 5 жылға дейін бекітіліп отыр

Министрдің айтуынша, ауылдағы кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алу үшін өз бизнес-жоспарларын ұсынатын болады. Бұндағы келісім-шартта да бизнестің машығына оқытып, барып несие беру мәселесі қамтылады. Бизнесті жаңа бастайтындар үшін оның шаруасының инфрақұрылымына да қосымша қаражат беріледі. Бұның көлемі де шағын несие мөлшерінен асып кетпеуі шарт.

Ваша реакция
9
22
4
5
10
120
45
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии