Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін жанжал шығу қаупі артады. Сондықтан ұстамды болып, жақындарыңызбен барынша мейірімді болуға тырысыңыздар. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 30 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Жұлдыздар бүгін әр сөзіңізді байқап сөйлеуге кеңес береді. Мінезіңіздің тіктігі мен кімнің күшті екенін дәлелдеуге деген құлшынысыңыздың салдарынан біреудің көңіліне тиіп немесе оны ренжітіп алуыңыз әбден мүмкін. Сөзіңізге үйде де, жұмысыңызда да абай болыңыз, әйтпесе ұзақ уақыт кешірім сұрауыңызға тура келеді.

2. Торпақ

Бүгін таңертеңнен бастап айналадағылардың қыспағына түсесіз. Сізге тіпті танымайтын адамдар ақыл беретін болады. Мұндай жағдайда оларды орнына қоюға тиіссіз.

3. Егіздер

Бүгін егіздер жұмған аузын ашпағаны абзал, әйтпесе артық сөйлеп қою ықтималдығы басым. Ашуға салынғанда сіз адамның намысына тиетін сөз айтуыңыз мүмкін, бұл кез келген қарым-қатынасқа балта шабуы ықтимал. Бұл жұманы тыныш, жайбырақат өткізуге тырысыңыз.

4. Шаян

Осы зодиак белгісінде туғандар бүгін барша жұртқа қажет болады, сондықтан бұл күннің көптеген артықшылығы болады. Сіз тек бар мейіріміңізді, даналығыңызды көрсетуіңіз керек, сонда бүгінгі күннің бар артықшылығын сезінесіз.

5. Арыстан

Бүгін күнделікті істермен айналысуыңыз керек. Негізі бүгін сізбен бірлесе әрекет еткісі келетін адамдар көп болады, солардың көмектерінен бас тартпаңыз.

6. Бикеш

Бүгінгі күн тура жоспарыңыз бойынша өтеді. Барлық жоспарлаған ісіңізді бірінен кейін бірін аяқтайсыз. Тіпті бикештердің кейбірі мұндай жағдайды зеріктіруші деп есептеуі мүмкін. Дегенмен жағдай ушығып, жоспарыңыздың бәрі насырға шапқаннан гөрі осы дұрыс шығар. Бүгін сіздің басқаларға қарағанда көбірек жолыңыз болады, сондықтан мұны бағалау керек.

7. Таразы

Егер сізге бүгін достарыңыз, әріптестеріңіз, басшыларыңыз сес көрсететін болса, дереу жасырынатын жер табыңыз. Ең бастысы отбасыңыз екенін ұмытпаңыз. Қиын сәтте тек жақыныңыз сізді түсініп, пайдалы кеңес бере алады. Басқалардың сөздеріне мән бермеңіз.

8. Сарышаян

Бүгін сіз ерекше әрекеттерге бейім боласыз. Ерекшеленуге деген ынтаңыз мінез-құлығыңызда, сыртқы келбетіңізде, сонымен қатар ойларыңызда көрініс табады. Бұл ескілікті ұнататын адамдарға ұнамауы мүмкін. Бірақ бұл сізді мазаламайды, керісінше сіз бұған қуанасыз.

9. Мерген

Сіз бүгін қарапайым тұрмыс мәселелеріне көңіл бөлесіз. Тіпті кенет үйіңізде жөндеу жұмыстарын бастасаңыз, таңғалмаймыз. Бірақ кез келген істе асықпаған жөн.

10. Тауешкі

Сіз бүгін тек жеңіске оқталдыңыз. Әсіресе жұмыс мәселесіне келгенде, бәсекелестеріңізден асып түсуге тырысасыз. Жеңіске жетемін деп басқа маңызды нәрселерді жіберіп алуыңыз мүмкін.

11. Суқұйғыш

Сіз айналаңыздағы нәрселерге өзгерістер енгізуге талпынасыз. Бірақ Ай бүгін асығыс шешім қабылдағандарды қолдамайды. Өзгертулерді кішігірім нәрселерден бастаңыз немесе үй жинаңыз. Бүгін мәмілегерлік жайында ұмытпағаныңыз жөн.

12. Балықтар

Бүгін бәрін күрделендіресіз. Мысалы, қандай да бір мәселені шешуде оңай жолын іздемей, айналадағылардың іс-әрекетін асыра сілтеп, мүлде қате түсінуіңіз мүмкін. Тапсырманы оңай, әрі жылдам шешуге болса, күрделендірмей тез шешіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766170-30-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel