Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте пара алды деп айыпталған бұрынғы тергеуші сотталып кетті

Опубликовано:

Шымкентте сот үкімімен полиция бөлімінің бұрынғы тергеушісі төрт жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото:lia/denissimonov
Көрнекі фото:lia/denissimonov: Depositphotos

Биылғы жылдың мамыр айында Шымкент қаласы Қаратау аудандық ПБ-нің тергеу бөлімшесінің бұрынғы тергеушісі пара алды деп айыпталып, құрықталған болатын.

Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, оңды шешім шығарып беру үшін сыйақы талап еткен. Күдікке ілінген тергеушінің соңына түскен өзіндік қауіпсіздік басқармасы жасырын тергеу жүргізген. Сөйтіп басқарма қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шаралары барысында 2018 жылдың 28 мамырында бұрынғы тергеуші өз қызметтік кабинетінде 150 мың теңге пара алғанын анықтаған.

Сот процесі кезінде сотталушы, яғни бұрынғы тәртіп сақшысы өз кінәсін толығымен мойындамайтындығын айтқан. Сотқа дейінгі тергеуде көптеген заң бұзушылықтар орын алғанын, сол себепті қылмыстық істің құжаттарын жарамсыз деп тану туралы өтінішхатын толық қолдайтынын және соның негізінде істі тоқтатып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрайтынын білдірген.

Алайда Шымкен қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Қаратау адандық ПБ нің бқрынғы тергеушісі Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

Жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болды. Сондай ақ сот үкімімен 25 жастағы бұрынғы полицей мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында қызмет етуден өмір бойына шеттетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық соты мәлімдеді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765787-symkentte-para-aldy-dep-ajyptalgan-bryngy-tergeusi-sottalyp-ketti/

pixel