Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы сынған отандық спортшы жарақатына қарамастан жүлдегер атанды

Опубликовано:

Ережесіз жекпе-жектен қазақстандық спортшы Әліби Теміртасов сынған аяғымен әлем чемпионатында үш айқас өткізіп, дүбірлі додада қола жүлдеге ие болған деп жазады prosports.kz сайтына сілтемe жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Twitter

Анықталғандай, отандық ММА шебері екінші айқастың ортасында аяғын жарақаттап алып, қалған екеуін ақсап жүріп өткізген.

Еліміздегі ММА федерациясының президенті Айдар Махметов бастапқыда спортшының жарақаты айтарлықтай ауыр деп ойламағанын жеткізді.

"Шын айтса, Әлібидің санын лоу-киктер жайы ауыртқанын, ісіну көп өтпей кетер деп ойлағам. Алайда елге оралып, рентгенге түскесін оның жіліншік сүйегі сынып кеткеніне көзіміз жетті. Мұндай жарақатпен әлем чемпионатында медаль алмақ түгіл, тіпті жүрудің өзі бейнет негізі. Мен оның асқан қайсарлығына таңғалып отырмын" , - деді ол.

Оның айтуынша, Әліби 1/4 финалда чемпионаттың бұрынғы жүлдегерін қылқындырып жеңген.

"Жартылай финалда Әліби сайыста жеңімпаз болған Руслан Сатиевке қарсы шықты. Төреші дағыстандықтың қолын көтерді. Міне, қазақ елі осындай батырлармен мақтануы тиіс! Әліби секілді жігіттер Қазақстанның абыройын аспандататыны сөзсіз" , - деп ағынан жарылды Махметов.

Айдар Махметов спортшының диагнозы күрделі болғандықтан, оны отасыз жазу мүмкін еместігін де айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1765541-aagy-syngan-otandyk-sportsy-zarakatyna-karamastan-zldeger-atandy/

pixel