Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эротикалық фильм көріп отырып, досын зорлаған жігіт елді шошытты

Опубликовано:

Қырғызстандағы Талас ауданында тұратын 38 жастағы азамат өз үйінде ересектерге арналған фильм көріп отырып, досынан зорлық көргенін айтып шағымданған. Алайда көп ұзамай ол құрдасын жазаға тартуға қимай, арызын қайтып алыпты. Бұл туралы svodka.akipress.org сайтына сілтеме жасаған NUR KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: bandp.ru
Көрнекі фото: bandp.ru: Instagram

1980 жылы туған азамат сотқа 7 тамыз күні 1981 жылғы ауылдасынан өз үйінде зорлық көргенін айтып шағымданған. Оқиға екі достың ересектерге арналған фильм көріп отырған сәтінде орын алыпты.

Сот таратқан мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші азамат өз ортасында тек жақсы мінез-құлқымен көзге түскен, намаз оқитын адам екен. Бірнеше жыл бұрын екі баласы бар бола тұра жұбайымен ажырасып кетіпті.

Талас аудандық соты 28 қыркүйекте зорлық оқиғасы бойынша түскен арызды қарастырып, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Алайда шағымданушы оны кінәлаудан қайта бас тартып, азамат жауапкершіліктен құтылып кетті. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765500-erotikalyk-film-krip-otyryp-dosyn-zorlagan-zigit-eldi-sosytty/

pixel