Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жасы алпыстан асқан қарияны пәтерде азаптап өлтірген

Опубликовано:

Ақтаудағы пәтерлердің бірінде адам өлімі орын алды. Қайғылы жағдай 4-ші ықшамаудандағы №7 үйде болған деп хабарлайды Lada сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lada
Фото: Lada: Twitter

Тұрғындар бұл оқиға туралы 21 қараша күні таңертең білген екен. Олардың айтуынша, марқұм азамат бұл үйде тұрмаған, тек анда-санда осы пәтердегі әйелге қонаққа келіп тұрыпты.

Фото: Lada
Фото: Lada: Facebook
"Ол әйелдің үйі үнемі лас болып жататын. Онда келмеген адам қалмаған шығар. Біз оған үйреніп қалдық", - дейді үй тұрғындары.

Тұрғындардың сөзінше, көз жұмған азаматтың жасы 60-65 те. Олар ер адамның көгерген денесінен азаптап өлтірілгенін аңғаруға болатынын айтты.

Фото: Lada
Фото: Lada: Facebook

Қазіргі уақытта пәтерге сүргі соғылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1765130-aktauda-zasy-alpystan-askan-kariany-pterde-azaptap-ltirgen/

pixel