Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы бойжеткен ипотека төлеу үшін пәктігін сатып жібермекші

Опубликовано:

Сиднейдің 18 жастағы тұрғыны ата-анасының ипотекасын төлеп беру үшін, пәктігін аукционға қойды. Сиена Пэйтон лақаб атымен желіде парақша ашқан бойжеткен өз абыройын 100 мың долларға (36 млн теңге) бағалаған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:VistaNews.ru
Көрнекі сурет. Фото:VistaNews.ru: Instagram

Сиена ақшасы артылса көлік сатып алу мен университетінің ақысын төлеуді де жоспарлап қойған.

Бойжеткен өзіне мұндай ойдың жаңалықтарды оқығаннан кейін келгенін айтты.

"Маған тез арада қаражат керек. Бұл менің мүмкіндігім деп ойлаймын. Оның үстіне мен көлік пен көптеген оқулықтар алуым керек. Әрі ата-анамның ипотекасына да көмектесемін", - деді Сиена Пэйтон.

Сондай-ақ, бойжеткен өзінің қолдаушысы табылып жатса, 12 сағатын сол адаммен мейрамханада өткізетінін мәлім еткен.

Айта кетейік, әзірге бойжеткеннің айтқан бағасына келісетін адам табылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765068-18-zastagy-bojzetken-ipoteka-tleu-sin-pktigin-satyp-zibermeksi/

pixel