Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәуренге үшінші тоқал алуға рұқсат берді

Опубликовано:

Биылғы жылы заңды некесін қидырған Ақбота-Нұр Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловқа тағы да әйел алуға рұқсатын берді деп жазады "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Көпбалалы әке атанғысы келетін актерге әйелі үшінші әйел алуға өзі кеңес берген.

"Көпбалалы әке атану үшін үшінші әйел алу керек-ау?! Оның үстіне маған үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек", - деді Ақбота Айдарбекова.

Ал бұл ұсынысты әзіл ретінде қабылдаған актер де өз пікірін білдірген.

"Үшінші әйел? Мен мәжбүрлеген жоқпын. Өзің айттың", - деп күлді Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, актердің бірінші отбасында бір ұлы мен екі қызы бар. Ал Ақбота-Нұр оған Ибрахим есімді ұл тауып берді.

Қазір "Кешьюдің" бұрынғы әншісінің екінші перзентіне аяғы ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1765061-akbota-sejitmagambet-kjeui-durenge-sinsi-tokal-aluga-rksat-berdi/

pixel