KZ
Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады
Новости Финансы

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады

Расказать Вконтакте

"Нұр Отан" ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алатынын айтты. 

2011 жылдың басында азық-түлік бағасы көтерілгеніне тоқталған К. Мәсімов, оның себебі - әлемдегі азық-түлік бағасының жаппай өсуіне байланысты екенін, сондай-ақ бәсекелестіктің талаптары дұрыс сақталмағандықтан болғанын атап өтті.Осы орайда Премьер-Министр Елбасының тапсырмасы бойынша бұл мәселені шешу үшін шұғыл жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы мемлекет тарапынан азық-түлік бағасының қалыптасуына ықпал ету күшейе түссе, бұл өз кезегінде азық-түліктің тапшылығына әкеліп соғатынын айтты.

"Егер де, бұл мәселе бойынша саудалаушыларды сәл қыса түссек, онда тауар жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Себебі, олар бар тауарды жасыра бастайды",- деді К. Мәсімов.Осы орайда Премьер-Министр азық-түлік бағасы мәселесі жедел жоспарлар тұрғысында реттелетінін баса айтты. "Ұзақ мерзімді жоспарда біз экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуіміз шарт", - деп түйіндеді К. Мәсімов.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии