Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Жамалиев бұзақылық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

"Әліби ісі" бойынша танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиев бұзақылық жасады деп күдіктеліп жатыр. Бұл туралы Астананың полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: Instagram

Құқық қорғау органы іске қатысты сараптама тағайындалғанын ғана хабарлады. Кәсіпкердің қандай бұзақылық жасағны мен оқиғаның мән-жайын әзірге айтылмады.

Айта кетейік, Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты аяусыз соққыға жықты деп айыпталған болатын. Кейін хабарланғандай жанжал ортақ кәсіпкердің ортақ баласы бар Айнұр Исина есімді аруға қатысты шыққан.

Нәтижесінде кәсіпкерге 13 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесіліп, оның бар мүлкі тәркіленген.

Кейін Қайрат Жамалиевтің өтінішімен кассациялық инстация жәбірленуші Әліби Жұмағұловтың пікірін есепке ала отырып, сотталушының әрекетін басқа бапқа ауыстырған.

Осылайша Жамалиевтің жаза мерзімі 13 жылдан 7 жылға азайтылған.

Ал осы жылдың жазында бұрынғы кәсіпкер бостандыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764728-kajrat-zamaliev-bzakylyk-zasady-degen-kdikke-ilindi/

pixel