Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қыс басталмай жатып, шырша құра бастады (фото)

Опубликовано:

Астанада былтырғы жылы наурыз айына дейін тұрған жасыл шыршаны желтоқсан басталмай жатып, қайта құрғалы жатыр. Қала тұрғындары тұңғыш президент күні мен тәуелсіздік күнін атап өтпестен бұрын, әкімдіктің жаңа жылға ден қоя бастағанына ашулы деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Original

Астанада сол жағалаудың қақ ортасында орнатылғалы жатқан жасыл шыршаға тұрғындар ашулы. Айтуларынша, қала билігі жаңа жылға дайындық жұмыстарын бастамастан бұрын, президент күні мен тәуелсіздік күнін жөнді атап өтулері керек екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Қыстың келгені жаңа, ал бұлар шырша құрғалы жатыр. Ұят қайда? Қаланың шеті болса, бір сәрі, сол жағалаудың қақ ортасы емес пе? Алда тұңғыш президент күні бар, тәуелсіздік күні бар. Сол мерекеден кейін құрса да болатын еді ғой? Айтатын сөзіміз жоқ. Жылда осы жағдай, айта-айта шаршадық", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Десе де кей тұрғындар шыршаны қараша айынан бастап құру қалыпты жағдай деген пікірді айтты.

"Жылда солай ғой, таң қалатын түгі жоқ. Көшелер, сауда үйлері, тіпті, дүкендерге дейін түрлі-түсті шырақтарды іліп, әрлей бастайды. Меніңше үйреніп қалған, қалыпты жағдай. Әрине алдымен тәуелсіздік күнін атап өткен дұрыс еді. Бірақ амал нешік? Өздеріне ыңғайлы болса, онда солай-ақ істесін. Бәрібір бізді тыңдап жатқан ешкім жоқ", - деді қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, былтыр Астанада дәл осылай жаңа жылға бір ай қалғанда әкімдік мерекеге барынша дайындалған еді. Өкініштісі, сол жағалаудағы жасыл шырша 4 ай бойы, наурыз айына дейін қала ортасында тұрған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764484-astanada-kys-bastalmaj-zatyp-syrsa-kra-bastady-foto/

pixel