Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы басшылық қызметке тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың кеңесшісі әрі әкімдіктің баспасөз хатшысы Әйкерім Жұмағұлова енді Шымкенттегі "Отырар" медиаxолдингін басқарады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото Әйкерім Жұмағұлованың Facebook парақшасынан алынды
Фото Әйкерім Жұмағұлованың Facebook парақшасынан алынды: Facebook

Жаңа директорды ұжымға бүгін телеарнаның бұрынғы басшысы Жанна Нұрсейтова таныстырды.

Әйкерім Жұмағұлова 1991 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Әйкерім Жұмағұлова "Отырар" медиаxолдингінің бұрынғы басшысымен
Әйкерім Жұмағұлова "Отырар" медиаxолдингінің бұрынғы басшысымен: Instagram

Еңбек жолын 2012 жылы премьер-министр Кеңсесінің Коммуникация орталығы мониторинг қызметінің жетекші сарапшысы болып бастаған. Кейін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мониторинг, болжау және мониторинг қызметі, коммуникация қызметінің бас сарапшысы, ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі-Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1764349-symkent-kimini-baspasz-hatsysy-bassylyk-kyzmetke-tagajyndaldy-foto/

pixel