Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа өзі үшін екі азаматтың төбелесіп қалғанын айтып берді

Опубликовано:

Отандық әнші Роза Әлқожа өзінің басынан өткен тойдағы тосын жағдайды баяндап берді. Өзгенің қуанышына ортақтасуға келген екі азамат әншімен суретке түсу үшін жаға жыртысып, төбелескен деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Кей сәттерде оққағар керек сияқты. Бірде тойдан шығып келе жатқанымда, ер адам маған келе жатты. Тағы бір ер адам менімен суретке түспек болды.

Содан екеуі маған таласып қалды.Сөйтіп екеуі аяқ астынан төбелесіп кетті.

Аяғы тиіп кете жаздады. "Бір суретке бола не болды?" деп мен шошып кеттім. Бірақ ол екеуі де мас болатын", - деді Роза Әлқожа.

Айта кетейік, отандық әнші осыдан біраз уақыт бұрын өз стилін өзгертті. Роза Әлқожаның шаш үлгісі мен макияжындағы өзгерісті байқаған оқырмандар әншіге оң бағасын беріп үлгерді.

Сондай-ақ, ұл өсіріп отырған әнші келінді тайраңдатып алатын қазіргі енелерді де сынға алды. Отандық өнер иесі келін тәрбиелеуде жіберетін олқылықтарды тізіп айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Әлқожаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764267-roza-lkoza-zi-sin-eki-azamatty-tbelesip-kalganyn-ajtyp-berdi/

pixel