Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тойға келген қонақтар атыс ұйымдастырған

Опубликовано:

Шымкентте 14 қараша күні өтіп жатқан той үстінде қонақтардың арасында кикілжің туындап, олар бір-біріне оқ атқан деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Liga.net
Көрнекі фото: Liga.net: UGC

Ерегісіп қалған азаматтардың бірі екіншісінің маңдайы мен ішіне травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атады. Тағы бір қонақ келіп, оның көкірегіне пышақ сұғып алады.

Осыдан кейін олар "Мазда" көлігіне мініп, жасырынып қалмақ болған. Алайда оқиға орнына жедел жеткен полицейлерден қашып кете алмапты.

Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, оған тиісті медициналық көмек көрсетілген.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді қамауға алып, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1763937-symkentte-tojga-kelgen-konaktar-atys-jymdastyrgan/

pixel