Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақшасы нашар": Бағдарлама жүргізген Баянның қызы елге жақпай қалды

Опубликовано:

"Кел келінім" бағдарламасының жаңа жүргізушісі атанған Айсәуле Бақытбек бірінші тікелей эфирінен кейін елден оңбай сөз естіді. Бойжеткеннің қазақшасы көпшіліктің көңілінен шықпай, желіде сынға қалған деп жазады NUR.KZ.

Жүргізуші ретіндегі алғашқы эфирі қалай өткенін Айсәуленің өзі оқырмандарынан сұрап білмек болған.

Сәйкесінше, аруға тіркелген желі қолданушылар бұған қатысты өз пікірлерін білдірді.

"Ал айта берсеңіздер болады, алғашқы эфир қалай кетті?" , - деген жазба қалдырған бойжеткен өз парақшасында.

Желідегілердің көпшілігіне оның бағдарламаны қазақ тілінде жүргізгені ұнамай қалған.

"Нөлдің нөлі, масқара. Қазақшасы енді ұят қой", "Осы бағдарламаның сізге не керегі бар, айтыңызшы? Жүргізе алмайсыз ғой қазақша", "Шыны керек, қазақшаң тым нашар", "Қазақшаң ұят, бағдарлама ішпыстырарлық болды" , "Басқа жүргізуші табылмай қалды ма?", "Бұрынғы жүргізушіні қайтарыңдар дереу", "Аша Қалаулымға, енді сен мында жайғастың", "Қазақшасы ұят енді. Ана тіліңді шыңдауың керек" - деп жазды олар.

Желі қолданушылары Айсәуле Бақытбектің тікелей эфирдегі ашық образын да сынап тастаған.

"Айналайын-ау мұндай бағдарламаны жүргізу үшін ашық киінбесеңші", "Киіп алған киімі мынау, қазақша сөйлей алмайды жөнді", "Образың ұнаған жоқ мүлде" , - деп пікір білдірді көпшілік.

Алайда оқырмандар арасында бойжеткенді жақтап шыққандар да болды. Олар Айсәуленің әлі тәжірибесін шыңдайтынына сенімді екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763217-kazaksasy-nasar-bagdarlama-zrgizgen-baanny-kyzy-elge-zakpaj-kaldy/

pixel