Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең танымал бойдақ спортшылар кімдер?

Опубликовано:

Ел намысын қорғап жүрген отандық спортшылар арасындағы бойдақтар саны жыл сайын кеміп жатыр. Алайда, әлі де қалауындағы аруды кезіктірмеген қайсарлы батырларымыз да баршылық. Олай болса, сымбаты талай арудың жүрегін жаулаған бойдақтардың тізімін назарларыңызға prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ: UGC

Әділбек Ниязымбетов

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері әлі бойдақтар қатарында. 2013 жылы Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатынан кейін ол отбасын құруға ниетті болған. Алайда, боксшының жүрегі әлі бос секілді.

Василий Левит

2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит те өз өмірлік махаббатын әлі кезіктірмеген. Жасы 30-ға келген спортшының қасында әрбір ару өзін қауіпсіз сезінетіні сөзсіз.

Қуат Найман

Отандық ережесіз жекпе-жектің жұлдызы Қуат Найман да 31 жасында әлі отбасын құрмаған. Басы бос спортшы жеке өмірі туралы желіде жақ ашпайды.

Жамбыл Көкеев пен Ұлан Қонысбаев

Бұл екі футболшы бірнеше жыл бойы ұлттық құраманың ең сымбатты бойдақтары атағын ешкімге бермей келе жатыр. Әлі үйленбеген Көкеев пен Қонысбаев осы жылғы мауысымда "Ақтөбе" футбол клубының сапында өнер көрсетуде.

Еркебұлан Сейдахмет

Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Уфаның" жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет те танымал бойдақтар тізіміне енді. Болашағынан зор үміт күттірер жас таланттың әлеуметтік желідегі парақшасына тіркелген қыздардың саны күн сайын көбеюде.

Нариман Құрбанов

2018 жыл Нариман Құрбанов үшін аса сәтті өткені анық. Әлем кубогіндегі жеңісінен бөлек, спортшы әлем чемпионатының финалына шығып, бесінші орынды иленеді. Нариманның жүрегі әлі бос.

Садриддин Ахмедов

Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы бүгінде кәсіпқой рингте өз мықтылығын дәлелдеп жүр. Әлемдік аренада мықтылығын дәлелдеп жүрген Садриддиннің сүйіктісі жоқ. Ол қалауындағы аруын кезіктірмеген.

Дидар Хамза

2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза да әлі отбасын құрмаған спортшылар қатарында. Алайда, дзюдошының сүйіктісі бар болып шықты.

Абзал Ажғалиев

Шорт-тректен әлем кубоктарының жүлдегері мен жеңімпазы Абзал Ажғалиевтің де жүрегі бос. 2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шыққан спортшы әлі махаббатын жолықтырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1762607-kazakstandagy-e-tanymal-bojdak-sportsylar-kimder/

pixel