Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 60-тан асқан шағында ажырасатын қарттар көбейіп кеткен

Опубликовано:

Елімізде алпыстан астан шағында отбасының отын өшіретін қариялар көбейіп кеткен. Тіпті, соңғы бес жылда 12 мыңға жуық жанұя ажырасып кетіпті. Бір өкініштісі, бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді деп хабарлайды 31 арна.

Көрнекі фото: story.rs
Көрнекі фото: story.rs: UGC

30 жыл отау құрған жұбайымен ажырасқан қария қазір әйелінің қайда екенін білмейтінін айтады.

Зейнеткердің сөзінше, олардың арасында болған түсініспеушіліктен шаңырақтары шайқалған. Жұбайы төркініне кетіп қалған соң қызының қолында тұрған қария оларға да масыл болып, ақырында қарттар үйінен бір-ақ шыққан көрінеді.

Жалпы қазір немере сүйер шағында екіге айырылатын қариялардың саны өте көп екен.

Мысалы 2013 жылы 2123 жұп ажырасса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 160-қа көбейіп, 2283-ке жетіпті. Қазіргі уақытта аталған сандар артпаса, кеми қоятын түрі жоқ. Ал бұл шешімді қабылдауға көбіне ер адамдар ниет білдіреді екен.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762578-elimizde-60-tan-askan-sagynda-azyrasatyn-karttar-kbejip-ketken/

pixel