Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі түрлі аяқ киім киген Аша Матай көпшілікке жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Аша Матай екі түрлі аяқ киім киемін деп оқырмандарының талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Актриса "Қалаулым" бағдарламасының барысында екі аяғына екі түрлі (ред: қызыл және қара) аяқ киім киген.

Бұл суретті көрген желі қолданушылары қазақтың түрлі ырымын алға тартып, Аша Матайға бұл ісінің дұрыс емес екенін түсіндірді.

"Бұрын әжелеріміз екі түрлі шұлық, аяқ киім кигізбейтін. "Күйеуің немесе келіншегің ұры болады" деп айтушы еді", "Екі түрлі аяқ киім кигенің қалай кетті".
"Аяқ киіміңіз масқара", "Осы киім стиліңізбен бағдарламадағы оқиғаны түсіндіргіңіз келді ме?", "Киіміңіз ерекше екен" деп оқырмандар жарыса жазды.

Айта кетейік, Аша Матай (Ақбота) былтырғы жылдан бері "Қалаулым" бағдарламасын тізгіндеді.

Осыған дейін Ақбота әншілік пен актрисалықты қатар алып жүрген болатын.

Аша Матай 2015 жылы "Mysterions" тобының әншісі Арман Қоңырбаевпен шаңырақ көтерді.Жұлдызды жүптың бір қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Арман мен Ашаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1762379-eki-trli-aak-kiim-kigen-asa-mataj-kpsilikke-zakpaj-kaldy-foto/

pixel