Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбунасыр Серіков өзінің қатты ауырып қалғанын жайып салды

Опубликовано:

"Бауыржан шоу" театры арқылы көпшілікке танылған Әбунасыр Серіковтің қазір қазақша комедияларға түсіп жүргені мәлім. Өнерімен көрерменінің жүрегіне жол таба білген актер фильм түсірілімі барысында қатты суық тигізіп, аурып қалғанын айтты деп жазады Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгінде отандық фильмдердің төрінен ойып тұрып орын алған актер өзіне арнайы сценарий жазылатынын да жасырмады.

"Маған Голливудтен қазақ жігіттері хабарласып, арнайы сценарий жазып жатқанын айтты. Олар шетелде білім алып жатыр. Келгесін фильм түсіретінін айтты. Мұндай режиссерлердің бірнешеуі бар", - дейді актер.

Алайда ол барлық шақыртуларды денсаулығына байланысты қабылдай алмайтынын айтты.

"Мойнымда, сегізкөзімде, төсімде грыжа бар. Емханаға барып, суық тиді дейміз де система қабылдай береміз. Бірақ одан қан дұрыс жүрмейді екен.

Қазір, шүкір 50% пайызға жақсы болып қалдым. Негізі жаз бойы гамажбен, курткамен жүрген едім.

Барлығы маған "Әбеке не істеп жүрсің" деп күлетін. Мұның барлығы қыстың күндері Павлодар, Семей, Астанада жүріп, денемді суықтатып алғаннан ғой", - деп ағынан жарылды актер.

Айта кетейік, осыған дейін Әбунасыр Серіков "Нысана" әзіл-сықақ театрын басқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1762049-bunasyr-serikov-zini-katty-auyryp-kalganyn-zajyp-saldy/

pixel