Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық арулар түсік жасайтын Қытай дәрілерін жаппай сатып алуда

Опубликовано:

Бүгінде қазақстандық қыз-келіншектер түсік тастау үшін Қытайдан әкелінген дәрілерді пайдаланып, ауруханаға түсіп жатыр. Дәрігердің рұқсатынсыз сатылатын препараттар көбіне Алматы қаласына жеткізілетін көрінеді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: lifeposts.ru
Көрнекі фото: lifeposts.ru: UGC

Сүйген азаматына алданып, құрсағындағы сәбиді алдыруға мәжбүр болған елордалық ару да Қытайдан келген дәрінің көмегіне жүгінгенін айтады.

"Ойламаған жерден аяғым ауыр болып қалды. Жігітім аборт жаса деп айтты. Бірақ келіскім келген жоқ. Қайдан алғанын білмеймін, бірақ белгісіз бір қытайдың дәрісін алып келді. Сол дәрілерді енді амал жоқ қабылдадым", - дейді қала тұрғыны.

Қазір дәріханада табылмаған препараттарды арулар базардан оп-оңай олжалап кетеді екен.

Олардың бағасы 7000 теңге тұртын көрінеді. Аспан асты елінен әкелінген дәрілер екі айдан асқан жүктілікті де жойып жіберетін күшке ие дейді.

Мұндай дәрілерді қазір, тіпті, көшедегі жарнама берушілер мен газет таратушылардан да сатып алуға болады екен.

Мамандар Қытай дәрілерінің кеденнен жасырын түрде өтіп, жеткізілетінін айтады.

Құрсақтағы сәбиді құртатын препараттың құрамында кеміргіштерге қарсы ұнтақтар көп мөлшерде қосылатын көрінеді.

"Ол біздің дәріханаларда бар. Ол да шынымен Қытайдың дәрісі. Қытайда жасалады. Бірақ та оның дозасы және схемасы мына клиникалық протоколда толық жазылған. Егер сол доза бойынша дәрігердің ұсынысымен, дәрігердің тек бақылауында ондай медициналық түсік жасалса бұл негізінен ең тиімді жүктілікті үзу тәсілі болып табылады" , - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанұяны жоспарлау бойынша маманы Жанерке Ажатова.

Жалпы денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, дүние жүзінде түсіктен көз жұмғандар саны 14 пайызды құрайды. Олардың қатарында 20 жасқа толмаған бойжеткендердің үлесі көп. Кейбіреулер, тіпті, дәрі салдарынан жатыр зақымын алған екен. Ал елімізде мұндай дертке шалдыққандардың саны 12500- ге жетіпті.

Бұл мәселеге қатысты отандық заңгерлер тыйым салынған дәрілерді өткізетін тұлғаларға айыппұл ғана төлетпей, темір торға отырғызу қажеттігін айтады.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761985-kazakstandyk-arular-tsik-zasajtyn-kytaj-drilerin-zappaj-satyp-aluda/

pixel