Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахман Омардың қаза болған бұрынғы әйеліне қатысты тың деректер шықты

Опубликовано:

5 қараша күні Алматы қаласында актер Рахман Омардың бұрынғы әйелі Гүлдерайым Омарованың өліміне қатысты сот отырысы өтті. Сотта куәгерлер мен жәбірленушілер сөз сөйлеп, 46 жастағы әйелдің өліміне қатысты тың ақпараттар жария болды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

sn.kz
Фото:sn.kz: UGC

Тергеушілердің мәліметінше, қылмыс жасағанын мойындаған пәтерді жалға алушы қыз Гүлдерайым Омарованы өлтіргеннен кейін басына пакет кигізіп, мәйітті балконға шығарып тастаған.

Сот отырысына бойжеткенді күзетшілер жеткізді. Ол жүзін жасыруға тырысты. Арудың адвокаттары сот отырысының БАҚ өкілдерінсіз, жабық өтуін өтінген, алайда сот өтініштерін қабылдамай, куәгерлер мен жәбірленушілерді тыңдауды бастап кеткен.

Марқұмның әпкесі Қыздарай Бейсенқұлованың айтуынша, әдетте олар пәтер ақысын алуға бірге барады екен, алайда сол қаралы күні пәтер иесін пәтерге күндіз шақырған, сондықтан Гүлдерайым жалғыз барған екен.

Әпкелі-сіңілі сол күні кездесуге тиіс болған, алайда сіңлісі 13 рет қоңырауға жауап қайтармаған.

"Оны барлық жерден іздеп, ақыры пәтерге бардым. Ұзақ уақыт есікті ешкім ашпады. Содан кейін пәтерді жалға алған қыздардың біреуі есікті ашып, Гүлдерайымның жарты сағат бұрын кетіп қалғанын айтты", - дейді сот отырысында Қыздарай Бейсенқұлова.

Жантүршігер қылмыс жазда болған. Гүлдерайым Омарова пәтерін 5 қызға жалға беріп отырған. Әдеттегідей пәтерге пәтер ақысын алуға барған. Қыздар мен пәтер иесінің арасында жанжал туып, әйел адамның мойнына сегіз рет пышақ сұғылған екен. Айыптаушы тарап істің мән-жайын сот отырысында анықтады.

Прокурор Ермек Қашағановтың сөзінше, Түркістан облысының тумасы 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова қылмыс ізін жасырмақ болып марқұмның денесін балконға шығарған. Жарақаттан аққан қан пәтерді былғамасын деп әйел адамның басына пакет танып тастаған екен.

"Шүберек пен майлықтардың көмегімен Сүлейменова қан іздерін сүрткен", - деп мәлімдеді айыптаушы.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, сол күні кешкі сағат алты шамасында пәтерге марқұмның ұлы келген. Пәтерді жалға алушы қыз оны үйге кіргізуден бас тартқан. Бірақ жас жігіт айтқанынан қайтпай қойған.

Пәтерге кірген жігіт балконнан анасының денесін тапқан. Сол кезде бойжеткен оны да өлтіруге талпынған. Алайда, ол қашып құтылып, полицияға хабарлаған.

Осыдан кейін айыпталушы өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Ол үшінші қабаттан кір жаятын жіпке асылып өлмекші болған. Бірақ бұл талпынысы сәтсіз аяқталған.

30 жастағы айыпталушы Алматыға жұмыс істеуге келгені белгілі, бірақ соңғы кездері жұмыссыз жүрген екен.

Келесі сот отырысы 13-ші қарашада өтеді. Кәугерлерден және басты айыпталушыдан жауап алынады.

Дереккөз КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, танымал актер Рахман Омаровтың бұрынғы әйелін пәтерді жалға алушы қыз өлтіргені жазда белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1761915-rahman-omardy-kaza-bolgan-bryngy-jeline-katysty-ty-derekter-sykty/

pixel