Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Білгенін жасады": Талтайып отырған Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді (видео)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева өзінің кезекті қылығымен тағы да қызу талқыға түсті. Желіде танымал әншінің автобуста талтайып отырған видеосы тарап кеткен. Оқырмандар шоу-бизнес өкілінің әрекетін ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Ғаламтор кеңістігіне тараған бейнежазбада Кәмшаттың автобус ішінде талтайып отырғаны көрініс табады.

Ол аздай Жолдыбаева қоғамдық көліктің ішінде асыр салып, тоқтаусыз айқайлай берген.

Желі оқырмандары әншінің қылығына ашуланып, оны үлкен сынның астына алды. Кейбірі тіпті Жолдыбаеваны жедел түрде емдеу керектігін айтып жатты.

"Масқара, әншілер білгенін жасап кетті-ау. Заман не болып барады?", "Қазақ қыздары ұяттан жұрдай болды, бетімен кеткен", "Мына қызды дереу емдеу керек, жұлдыз емес басқа аурумен ауратын сияқты" ,"Бұтыңди жинап отырсаңшы. Мынау енді шеттен шыққандық, ерсі көрінеді."
"Екі аяғы екі жақта, ұят қайда?", "Сөз жоқ бұған. Өз дәрежесін көрсетіп тұр ғой", "Көргенсіз. Қалайша ұялмайды бұлай талтайып отыруға?", "Сұмдық. бұл қыз әбден өзгеріп кетіпті. Байзақоваға еліктеп жүрген сыңайлы" , - деп жазуда желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның әндерін біздің MusicNurқосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761717-bilgenin-zasady-taltajyp-otyrgan-zoldybaeva-elden-obaj-sz-estidi-video/

pixel