Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанұясын арам өлген мал етімен тамақтандырған азамат жұртты шошытты

Опубликовано:

Американың Вашингтон штатындағы Менатчи қаласының тұрғыны өз отбасына көлік астына түсіп өлген малдың етімен тамақтануды бұйырған. Азамат келген меймандарды да сол етпен тамақтандыруды әдетке айналдырған. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: Pat Wellenbach / Reuters
Көрнекі фото: Pat Wellenbach / Reuters: UGC

47 жастағы Рейф Кэрролл өзі де бала кезде арам өлген малдың етімен тамақтанғанын айтады. Ол алғаш рет 10 жасында көлік қағып кеткен бұғының етін жеген екен.

Араға біраз жыл салып қаржылай қиындыққа тап болған Кэрролл әке жолын қуғанын айтады.

"Ол уақытта мен тегін тамақтан бас тарта алмадым", - дейді ол.

Қазір азамат өз жақындарын тек арам өлген мал етімен асырап жүр екен.

Оның қолға түскен малдарының ішінде ең ірісі үйден бір жарым шақырып жерде өліп жатқан аю болыпты. Ол жанұяны 35 келі етпен қамтамасыз еткен көрінеді.

Рейф еттің ең дәмді кесіктерін мейрам күндеріне қалдырған. Ол үйге келген қонақтарға да сол малдардың еттерінен тамақ дайындап береді екен.

Азаматтың бұл әрекеті көп адамды таң қалдырған. Бұл ақпаратты естіген желі қолданушылары, тіпті, жүректері айнығанын айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1761235-zanasyn-aram-lgen-mal-etimen-tamaktandyrgan-azamat-zrtty-sosytty/

pixel