Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек өзіне қыз сыйлаған сүйікті жарын көпшілікке көрсетті (фото)

Опубликовано:

"Ақмаржан" әнімен танылған отандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікке өзінің сүйікті жарын көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Заттыбек отбасымен. Фото:zattybek.kz
Заттыбек отбасымен. Фото:zattybek.kz: UGC

Әйелі мен қызы жайлы көп ақпарат айтып, желідегі парақшасына отбасының суретін сала бермейтін әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған.

"Жұрт секілді "жаным, күнім" деп те жаза алмайтынымды білесің ғой. Әлияш туған күніңмен! Жылдан-жылға жақсылығымыз көбейіп, сол күндерді бірге өткізуді Алла нәсіп етсін! Аллаға шүкір бақыттымыз. Тек ұзағынан болсын деп тілеймін. Сен туралы көп айтуыма да, көп мақтауыма да болады. Сен оған лайықтысың", - деп Заттыбек әйеліне жүрекжарды тілегін білдірген.
Заттыбек отбасымен. Фото:zattybek.kz
Заттыбек отбасымен. Фото:zattybek.kz: UGC

Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары әнші тілектес екенін білдірді.

"Бақытты болыңыздар", "Қазақы махаббат деген осы. Сезіміңді сөбен көрсете алмайсың", "Бір жастықта қартайыңыздар", "Жеңгейдің туған күні құтты болсын" деп жарыса жазды.

Айта кетейік, 2016 жылы әнші өзінің жеке дүкенін намазханаға айналдырған болатын.

Сондай-ақ Шымкенттің хитмені өзінің құны 30 млн теңге шамасындағы көлігін көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Заттыбек Көпбосынұлының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761127-zattybek-zine-kyz-syjlagan-sjikti-zaryn-kpsilikke-krsetti-foto/

pixel