Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халқы нанға зар болып отырғанда Түрікменстан президенті қымбат көлік сатып алды

Опубликовано:

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов өзіне су жаңа Mini Cooper көлігін алу жарты миллион еуродан аса қаржы жұмсаған. Бұл туралы "Хроника Туркменистанаға" сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта болатын "Амуль-Хазар 2018" жарысына сақадай сай.

Жылда өтетін шара үшін Бердымұхамедов маусымның басында 520 мың еуроға cу жаңа "Mini Cooper" көлігін сатып алған.

Ал сатып алған соң араға 12 күн сала ол кішкентай көлігін басқаша түрлендіріп жібереді. Президент кішкентай "Mini Cooper"-ден нағыз спорттық көлік жасап шығарған.

Фото: hronikatm.com
Фото: hronikatm.com: UGC

Айта кетейік, қазір Түрікменстан халқы басынан ауыр кезеңді өткеріп жатыр. Елде азық-түлік тапшылығы жайлаған. Ел тұрғындары нан алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Ал орын алған жағдайға күйінген кейбір азаматтар басқа елге қоныс аударып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1760896-halky-nanga-zar-bolyp-otyrganda-trikmenstan-prezidenti-kymbat-klik-satyp-aldy/

pixel