Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың інісі де тойда ән айтып, ақша таба бастады (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар тойда ән айтып, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас інісі Заңғармен. Фото: zakon.kz
Қайрат Нұртас інісі Заңғармен. Фото: zakon.kz: UGC

Осыған дейін жұлдыз ағасымен екі рет дуэт орындаған Заңғар Нұртас да той-бизнес әлеміне қадам басқан.

Гүлзира Айдарбекова кенше ұлының видеосын Instagram парақшасына салып, аналық батасын берген.

Ал желі қолданушылары Заңғардың дауысын ағасына ұқсатып, оның жаңа қадамына сәттілік тіледі.

"Дауысы да, түрі де ағасына ұқсайды екен", "Қадамы құтты болсын", "Тағы бір ұлыңыздан жұлдыз жасауға көштіңіз бе", "Сәттілік тілейміз", "Бәрібір жұрт Қайрат Нұртастың інісі деп қана танитын болады" деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Заңғар мен Қайрат Нұртас осыған дейін ағылшын, орыс тіліндегі әндерді дуэт болып орындап, жұрттың қызу талқысына түскен еді. Кейін телеарнаға сұқбат берген әнші мұны хайп үшін жасағандарын мойындады.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760890-kajrat-nrtasty-inisi-de-tojda-n-ajtyp-aksa-taba-bastady-video/

pixel