Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда циркте өнер көрсетіп жатқан қыз екі метрлік биіктіктен құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Орал қаласында циркте акробатикалық өнер көрсетіп жатқан гимнастшы қыз құлап қалды. Бұл туралы Уральская неделя басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Оқиға 28 қазан күні Оралға келген жылжымалы циркте болған. Екі метрлік биіктіктен құлаған ару қимылсыз жатып қалған екен. Осы мезетте сахна артынан қызметкерлер шығып, бойжеткенді алып кетіпті.

Бұл оқыс жағдай ұялы телефондардың камераларына түсіп қалған.

Артынша аталған оқиғаны полиция мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"28 қазан күні сағат 20:00-де бізге хабар түсті. Қалалық көпсалалы аурухананың жарақат бөліміне 21 жастағы цирк әртісі жеткізілді. Тексеру оның білек тұсындағы сүйектері сынып кеткенін анықтады. Ал басқа жарақаттары жоқ. Көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілді", - деді облыстық денсаулық сақтау департамені баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпұсынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1760775-oralda-cirkte-ner-krsetip-zatkan-kyz-eki-metrlik-biiktikten-klap-ketti-video/

pixel