Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғым ауыр": Танымал вайнер екінші сәбиін күтіп жүргенін мәлімдеді

Опубликовано:

Отандық вайнерлардан құралған "Юфрейм" тобының мүшесі Карина Оксукпаева екінші мәрте аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Қуанышты хабарымен жұбайы Арман Юсупов екеуі Instagram желісінде бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі бейнероликтерінің арқасында танылған жұп екінші сәбилерін күтіп жүр екен. Арман мен Каринаның Әлім есімді тұңғышы бар.

"Юфрейм" тобының мүшелері отбасындағы орын алғалы жатқан өзгерістермен бірінші болып өз оқырмандарымен бөліскен.

"Мұндай жаңалыққа дайын болу мүмкін емес. Құттықтап қойсаңыздар болады. Біз тағы балалы боламыз. Екінші сәбиімізді күтудеміз" , - деп жазған жас ата-ана.

Желі қолданушылары танымал жұпқа бірден тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірген.

Жас жұбайлар өз кезегінде барша құттықтаушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760647-aagym-auyr-tanymal-vajner-ekinsi-sbiin-ktip-zrgenin-mlimdedi/

pixel