Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бүтін бір ауылды зар қақсатқан ұрылар ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшылары Мыңбаев ауылын 10 жыл бойы қорқытып, мүліктерін тонап келген екі ағайындыны қолға түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр/ КТК арнасы
Видеодан кадр/ КТК арнасы: UGC

Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз бөлімі мәлім еткендей, олар ауыл тұрғындарының тыныштығын бұзған қарақшылар туралы арыз түскеннен кейін іздеу жұмыстарын бастаған.

Қолға түскен күдіктілер үйлерді тонап қана қоймай, егде жастағы әйелді сабап кетіпті.

Енді олардың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Айта кету керек, аталмыш іс қоғамдық дау тудырғаннан кейін жіті бақылауға алынған еді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында бүтін бір ауылдың ағайынды ұрылардан зардап шегіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760534-almaty-oblysynda-btin-bir-auyldy-zar-kaksatkan-rylar-staldy/

pixel