Өзге облысқа ауысып кеткен Мұхит Тұрсыновты шығыстықтар ұнатпай қалды (фото)
Опубликовано:
Кеше Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Бір қызығы, сайыста бұған дейін шығыс өңірінің намысын қорғап жүрген Мұхит Тұрсынов бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының атынан өнер көрсетті. Ал турнир жеңімпазы Айбек Нұғымаров атанды деп хабарлайды NUR.KZ.
Тартысты бәсекеде турнир жеңімпазы ретінде Айбек Нұғымаров танылды. Палуанға мұсылмандар діни басқармасы атынан келер жылы қажылыққа баруға мүмкіндік беретін жолдама табыс етілді.
Ал екінші орын Солтүстік Қазақстан облысы атынан шыққан Мұхит Тұрсыновқа бұйырды. Бір қызығы шығыстың палуаны бұл жолы теріскейдің намысын қорғап шыққан. Жанкүйерлер арасында жерлестерінің бұл әрекетін түсінбегендер де табылып жатты.
"Мұхит өзіміздің шығыстың жігіті ғой? Неге солтүстіктің атынан шығып жатқанын түсінбедік. Мүмкін Айбек болған соң, басқа өңірге ауысуға тура келген шығар? Шығыста балуан жетеді, тек осылай өз облысымыздың атынан шықса екен", - дейді жанкүйерлердің бірі.
Жүлделі үшінші орынды болса, қызылордалық Мақсат Исағабылов иеленді. Ал көрермендер көзайымы аталымын шымкенттік Қайсар Шамшидинов жеңіп алған.
Айта кетерлігі турнирге жалпы саны 39 балуан қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760459-zge-oblyska-auysyp-ketken-mhit-trsynovty-sygystyktar-natpaj-kaldy-foto/