Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызды іштей қызғанатынын айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас қазір телеарнада жұмыс істейтін жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованы іштей қызғанатынын айтты. Ол қазір өмірлік жарына қатты мән беретінін жеткізді деп хабарлайды "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында қазір өмірі өзгергенін айтты.

"Қазір Жұлдызға көп мән беретін болдым, қызғанатын болдым. Енді еркекпін, ол-менің парызым. Бірақ қызғанып, бақытсыз етуге жол бермеу керек. Керісінше, көмектесіп, бірге биіктен көрінуге тырысу керек", -деді ол.

Сондай-ақ, әнші жұбайының жұмысына әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

"Жұмысқа шыққанда "жұмысың оңды болсын", "сәттілік тілеймін" деп айтамын. Бірақ іштей қызғанып тұратын кездер болады. Бірақ жақсылық тілеймін. Құдай қаласа Жұлдыз алдарыңызда биік-биік шыңдардан көрінеді деген ойым бар. Мен бақытты қылу үшін алдым ғой, сондықтан, бақытты қыламын",- деді Қайрат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760305-kajrat-nrtas-zbajy-zldyzdy-istej-kyzganatynyn-ajtty/

pixel