Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қайтыс болған екі студенттің өліміне не себеп болғаны анықталды

Опубликовано:

Бүгін Алматының ҚазҰАУ мен Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің екі студенті қаза тапқан еді. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті олардың өлімі автомобильдің карбюраторларын тазартуға арналған сұйықтықтан болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: gx.net.ua
Фото: gx.net.ua: UGC

Студенттерді алдымен инфекциялық ауруханаға жеткізген. Артынша токсикология бөліміне ауыстырған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, улану көліктің карбюраторын тазартуға арналған сұйықтықты қолданғаннан болған", - деді қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, олар сараптама жүргізу үшін полицияның сұранысын күтіп отыр екен.

Айта кетейік, 25 қазан күні алматылық екі студенттің қазасы жайлы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1760011-almatyda-kajtys-bolgan-eki-studentti-limine-ne-sebep-bolgany-anyktaldy/

pixel