Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнербаевтың "Анашым" әнін орындаған Скриптонит көпті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал рэп орындаушы Скриптонит тікелей эфир кезінде Нұрлан Өнербаевтың "Анашым" әнін орындап жұртты таңғалдырды. Қазақша жөнді сөйлей алмайтын жұлдыздың ана тілінде ән салуы көпшілікті тәнті еткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Gakku.kz
Фото: Gakku.kz: UGC

Ресейде танылып, жұлдызы жанған қазақстандық рэпер өзінің сұхбаты барысында көпті қызықтырған сұрақтарға жауап берген.

Ресейлік жұлдыз әрі Скриптониттің өзі өнер көрсетіп жатқан лейблдің басшысы Баста оған ел жолдаған сұрақтарды қойды.

Олардың арасында "ойға бірден түсетін қазақ тілді ән" деген сұрақ болған. Скриптонит тыңдарманының сауалына жауап беріп қана қоймай, сол әнді орындап берді.

Оның ойына Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы "Анашым" атты туындысы бірінші болып түседі екен.

"Бұл анаға арналған ән. Өте әдемі туынды. Әкемнің ең сүйіп тыңдайтын әні" , - деп түсіндірді ол өлең сөздерін орыс тілді әріптесіне.

Желігеділер отандық жұлдыздың бұл әрекетіне оң пікірлерін білдіріп, оның қазақша әндерді білетініне тәнті болған.

"Жарайсың Әділ. Керемет ән", "Сенің арқаңда бұл әнді күнде тыңдайтын болдым", "Қазақша ән біледі екенсің ғой", "Аналар туралы әндер әркім үшін ерекше", - деп жазуда оқырмандар.

Скриптониттің ана туралы ән айтқан сәтін 11-ші минуттнан бастап тамашлай аласыздар.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Естеріңізге сала кетейік, Cкриптониттің әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759917-nerbaevty-anasym-nin-oryndagan-skriptonit-kpti-tnti-etti-video/

pixel