Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған күнінде мұңға батқан балақайдың суреті әлемді дүр сілкіндірді (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тағы Тусон қаласында 6 жасар Тедди есімді бала туған күніне 32 сыныптасын шақырып, маңызды күнді жалғыз өзі атап өткен. Себебі балақайдың қуанышын бөлісуге ешкім келмеген деп жазады bigpikcha.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Twitter/@Complex
Фото: Twitter/@Complex: UGC

Теддидің туған күні үшінші қазанда екен, бірақ әкесі Аляскада жұмыс істегендіктен сауықкешті 21 қазанға ауыстырған. Теддидің анасы Силь Мадзини ұлының сыныптастарына арнайы шақыртулар әзірлеп таратқан.

Сильдің сөзінше, сыныптастары мен ата-аналары туған күн кешіне келуге уәде берген.

Алайда мереке күні Тедди ата-анасымен пиццерияға келгенде бірде-бір сыныптасының келмегенін көреді. Бұл жанына қатты батса керек, балақай мұңайып қалады.

Twitter/@Complex
Фото: Twitter/@Complex: UGC

Бұған шыдамаған ана бос үстелдің жанында көңілі түсіп отырған ұлын суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап жібереді.

Туған күнінде жалғыз қалған Теддидің мұңды хикаясы жұрт назарына ілігіп, жылдам тарала бастаған.

Мұңайған балақайдың көңілін аулау үшін түрлі командалар мен клубтар оны өз ойындарын тегін көруге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759836-tugan-kninde-mga-batkan-balakajdy-sureti-lemdi-dr-silkindirdi-foto/

pixel