Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тұрмысқа шығатын қыздар пәктігін қалпына келтіруді сәнге айналдырған

Опубликовано:

Ақтөбелік дәрігерлер қыздар арасында қыздықты қалпына келтіруге қатысты сұраныстың жоғары екенін айтып берді. Ақылы медицинада бұл қызметтің сұранысы артып тұр деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:tumedico.com
Фото:tumedico.com: UGC
"Бізде қыздықты қалпына келтіру отасы бар. Кейде сезімдерге ерік беріп, өзімізді басқара алмайтын кездер болады. Махаббат келеді, кетеді. Бәрі өтеді. Сондай жағдай болып қалды. Ол адамды сүйді. Бірақ тағдырлары түйіскен жоқ.
Әйел адам тұрмысқа шығатын жігітке адал болғысы келетін шығар. Қалай болғанда да ол оның өз құпиясы. Олар мұндай қадамға өз таңдауымен барады. Сондықтан тәптіштеп қойылған бұл сұрақты жауапсыз қалдырайық", - дейді пластикалық хирург Ибрагим Бралов.

Өңірде тұрмысқа шығатын қыздар жасанды "пәктік" жасатуды сәнге айналдырған.

"Қыздықты қалпына келтіруге қатысты өтінішпен келетін қыздар бар. Біз ондай шағын оталарды жасап жүрміз. Басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі, дәрігерлік құпия деген бар. Келушілер туралы ақпарат беруге құқығымыз жоқ. Мұндай сұрақпен келушілерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Бұл сондай құпия ақпарат. Ол туралы тек дәрігер және өтініш жасаушы ғана білуге тиіс. Әрине, ондай оталарды босанбаған, тұрмысқа шықпаған қыздар сұрайды", - дейді дәрігер Бралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759824-aktbede-trmyska-sygatyn-kyzdar-pktigin-kalpyna-keltirudi-snge-ajnaldyrgan/

pixel