Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам ауру": Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған ұстаз сотта жылап жіберді

Опубликовано:

БҚО-да Денис Тенді өлтіргендердің әрекетін құптаған ұстазға қатысты сот отырысында айыпталушы өзін босатуды өтініп сұрады деп хабарлайды "Уральская неделяға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz: UGC

БҚО-да танымал мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргендерді мақтаған Шерхан Байзеновке қатысты кезекті сот отырысы болып өтті. Оның барысында айыпталушы ұстаз өзін түрмеге отырғызбауын сұрап, жылап жіберді.

Сотта ауылдық мұғалімнің жазбасын блогерлерге хабарласып тапсырған куәгер де болды. Данара Құлдыбаева ер адамға қателігін түсіндіруге тырысып, жазбасын өшіруін талап еткен. Алайда, ұстаз оған жас болғандықтан көп нәрсені түсінбейтінін жеткізген.

Айыпталушыға соңғы сөз бергенде ол өзіне рақымшылық танытуды сұрады. Оған қоса, Шерхан Байзенов тіпті Денис Теннің кім екенінен бейхабар екенін айтқан.

"Мені кешірулеріңізді сұраймын. Мені бас бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын. Менің ауыратын анам бар. Мен оның далғыз асыраушысымын" , - деді ол.

Соңғы сөздерін ұстаз жылап тұрып айтты.

Бұған дейін, Шерхан Байзеновке қатысты істің кейінге шегерілгені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан ұстаз ел алдына кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759578-anam-auru-denis-tendi-ltirgenderdi-zaktagan-staz-sotta-zylap-ziberdi/

pixel