Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар иммунитет көтерудің ең оңай төрт әдісін айтты

Опубликовано:

Түрлі аурулар белең алатын күз айында адамдардың барлығы иммунитетін көтеруге асығады. Біреуі арнайы дәрумендер қабылдаса, екіншілері арнайы тағамдарды қолданады. Ғалымдар иммунитет көтерудің ең оңай төрт жолын айтты деп хабарлайды doctor.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:organicsnewsbrasil.com.br
Фото:organicsnewsbrasil.com.br: UGC

Мамандар ең алдымен тамақтануға мән берудің жөн екенін айтады.

Өзінің денсаулығын ойлап, түрлі дерт жұқтырмауды ойлаған адам күнделікті ақуыздар мен дәрумендерді қатар қабылдағаны жөн. Сондай-ақ, күз айларында сәбіз бен болгар бұрышын, асқабақты қолданысқа енгізген дұрыс.

Белсенділігін арттыру

Мамандар күн салқындағанда адамдардың белсенділігін арттыруы керек деп есептейді. Ал егер күніне 2 сағат серуендегіңіз келмесе, кемі 20 минут таза ауамен тыныстау керек.

Тыныштық пен дұрыс ұйқы

Иммунитеттің ең басты жауы күйзеліс екенін ескерсек, күз айларында ұйқыны өз нормасымен орындаған да дұрыс. Тек ұйқыға жатар алдында, бөлмеңіздің ауасын тазартып алуды ұмытпаңыз.

Салқын душ қабылдау

Суық су қабылдау да иммунитетті көтерудің бір әдісі. Ескерте кететіні, бірден суық суға түспеу керек. Алдымен жылы судан бастап, денеңізді судың салқын температурасына үйретіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1759477-galymdar-immunitet-kterudi-e-oaj-trt-disin-ajtty/

pixel