Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік жұптың қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды

Опубликовано:

Ресейлік танымал әншілер Виктор Рыбин мен Наталья Сенчукова "Секрет на миллион" бағдарламасында қатерлі дертке шалдыққанын айтты. Бұл туралы Дни.ру сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Personastars
Фото: Personastars: UGC

Виктор Рыбин мен Наталья Сенчукованың отасқандарына 20 жыл болыпты. Ерлі-зайыптылар бірге жұмыс істеп, бірге демалады, бір-бірінен еш шаршамайды екен. Бұл жұп табынушылары үшін бақытты отбасының үлгісі болып табылады.

"Дертімізді жария еткіміз келмеген, бірақ біздің мысалымыз біреуге көмектесіп, ескерту болуы мүмкін", - деп шештік дейді Наталья.
"Бізде базальды жасушалы терінің қатерлі ісігі" , - деп жалғастырды Виктор.

Қатерлі дерттің белгілері алғашында Натальяда пайда болыпты. Ол дәрігерлерге аяғындағы оғаш даққа шағымданып барған екен. Дақты тексерген дәрігер әртіске жақпа жағуға кеңес беріпті. Бұл төрт жыл бұрын болған екен.

Бір жарым жылдан кейін дәл сондай дақ Виктор Рыбиннің бетінде пайда болыпты.

"Мен дәрігерге бардым. Ол ештеңе етпейді деп лазермен алып тастауға кеңес берді", - деп есіне алды "Дюна" тобының жетекшісі.

Әнші дәрігердің сөзіне құлақ асып дақты лазердің көмегімен алғызып тастаған екен, алайда жарты жылдан кейін дақ қайта пайда болыпты. Дақ үшінші рет пайда болғанда дәрігер әртісті косметологқа жіберіпті. Рыбин мен Сенчукова тексерілуге бірге барған.

"Біз тексеруден өтіп, қан тапсырдық та, Италияға демалуға ұшып кеттік. Менің туған күнімді атап өтіп жатқан кезде дәрігерден "Мәскеуде сендерді онколог күтеді. Сендерде терінің қатерлі ісігі" деген хабарлама келеді", - деп есіне алды әнші.

Мұндай хабарламаны алған әртістердің үстілеріне жай түскендей болады. Олар дереу жиналып, Мәскеуге қайтады.

Наталья мен Виктор емделу курсынан өткен.

"Қатерлі ісіктің сыртқы белгісін, дақты алып тастадық. Бірақ мәселе тереңде жатыр. Емделіп болғанымызға екі апта болды. 13 сәулелік терапияның сеансын алдық. Енді нәтижелерді күтіп отырмыз", - деп Виктор Рыбин сөзін аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759182-tanymal-resejlik-zpty-katerli-dertke-saldykkany-belgili-boldy/

pixel