Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев басшылық қызметке келді

Опубликовано:

Бейжің Олимпиадасының грек-рим күресі бойынша күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Спортшының жаңа қызметі туралы жаңалықты журналист Бейсен Құранбек өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен.

"Іске сәт, Батыр! Бұл салада да жеңістен-жеңіске жете бер! Абыройлы бол", - деп тілегін жеткізген ол.

Айта кетейік, Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы Алматы облысындағы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Бала кезінен спортқа қызығушылық танытқан ол 12 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1759159-olimpiada-zldegeri-nrbakyt-teizbaev-bassylyk-kyzmetke-keldi/

pixel